Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Басшылық

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы

1975 жылы 7 мамырда дүниеге келді.

ҚазБСҚА (Алматы қ.) «Сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2016 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы

Сағынов Замир Садықұлы
Сағынов Замир Садықұлы

1966 жылда дүниеге келген. Құрылысшы-инженер мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы аға жол мастері болып бастаған. Фурманов аудандық автожол мекемесінің прорабы, бас инженері, «Оралавтожол»  Орал қазыналық кәсіпорынның бас инженері, жол қозғалысының қауіпсіздігі, жолды сақтау және байланыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

1999-2006 жылдар аралығында «Қазақавтожол» РМҚК Батыс-Қазақстан облыстық филиалының пайдаланым жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, бас инженері, Батыс Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Батыс Қазақстан  облысы Казталов ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2006 жылғы наурыздан бастап 2007 жылғы қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды.

2007 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы бірінші Инвестициялар және даму вице-министрі

Айдарбаев Алик Серикович
Айдарбаев Алик Серикович

Айдарбаев Алик Серікұлы 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Александровка ауылында дүниеге келген.

1985 жылы «Мұнай кен орындарын өндіру» мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін тамамдаған.

2009 жылы Мәскеу қаласындағы РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын бітірген.

1985-1991 жж.- оператор, мастер, технолог, «Жетібаймұнай» МГӨБ цехыныңбасшысы.

1991-1994 жж.- «Южказнефтегаз» ҚҚҰТ ӨБ басшысы.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі

Скляр Роман Васильевич
Скляр Роман Васильевич

1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында туған. «Инженер - құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін, сондай-ақ «Экономист» мамандығы бойынша Мәскеу қазіргі заман бизнес институты мен «Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында Слесарь-монтажшы болып бастап, кейін «Вахинвест» БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және коммерциялық салада қызмет еткен.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі

Хаиров Ерлан Картаевич
Хаиров Ерлан Картаевич
15 маусым 1978жылы Қарағанды қаласында туды.
1999 ж. «халықаралық экономикалық қарым - қатынастар» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік Е.А.Букетов атындағы университетін аяқтады.
1999 ж. 2001 жылға дейін сыртқы экономикалық байланыстар саласында мемлекеттік органдарында жұмыс атқарды.
2002 ж. 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар бөлім меңгерушісінің орынбасары.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі

Токтабаев Тимур Серикович
Токтабаев Тимур Серикович

Т. С. Тоқтабаев 1981 жылы 26 қазанда дүниеге келген. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қ.И.Сәтбаев атындағы  ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба кеніштерін барлау» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте, 2006 жылы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қарасты «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығы жетекшісінің орынбасары, «Таукен-самұрық» ұлттық тау кен компаниясында департамент директоры қызметтерін атқарған.

Соңғы тағайындауға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болды. 2016 жылдың қаңтарынан бастап ҚР ИДМ этика жөніндегі уәкілетті өкілі.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі